Павлодар мен Батыс Қазақстан облыстары қолдау көрсетуге дайын

Қараша 08 / 2018

 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Түркістан қаласына Павлодар облысы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов пен Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев келді.

 

Қала қонақтары өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қабылдауында болып, «Түркістан облысының тарихи киелі орындарының орталығы» ғимаратының құрылысы бойынша ақылдасты.

«Елбасы тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласында салынатын нысандарды талқылап, зерделеуге ең алғашқылардың бірі болып Павлодар мен Батыс Қазақстан облысының өкілдері келіп отыр. Ол үшін Сіздерге және Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгіновке алғысымды білдіремін. Алдымен алаңдағы тарихи ескерткіштердің орналасу тәртібі реттелу керек. Туристерге және қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін сауда орындары жұмыс істеп, отбасылық серуендеуге жан-жақты жағдай жасалуы тиіс. Орталықта бой көтеретін кешендердің дәлме-дәл көшірмесінің биіктігі шамамен

3-4 метр болады. Қойылған тапсырманы тиянақты орындау үшін үшжақты келісімге келіп, жол картасын әзірлейміз» деді Жансейіт Қансейітұлы.

Жиын барысында өңір басшысы құрылыс жұмыстары биыл басталу керектігін атап өтті. Өз кезегінде қала қонақтары жаңа облыс орталығының көркеюіне барынша қолдау көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ