Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

Жолдау – тарихымыздың алтын парағы

Қараша 08 / 2018

 

Жуырда Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс ІV пленумы болып өтті. Аталған іс-шарада ардагерлер «Елбасы Жолдауы – халықтың әл-ауқатының артуының негізі» атты Үндеуін жариялады. Мұнда Қазақстан халқының тұрмыс сапасын көтеру жайы қозғалған Жолдаудың тарихымыздың тағы бір алтын парағы болатындығына нық сенім білдірілген.

 

«Жолдаудың өн бойынан Президенттің халқына деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігін байқау қиын емес. Аға буынның бүгінгі таңда алдында тұрған басты міндет – Жолдауда аттары аталып, айдары тағылған тапсырмаларды толыққанды елге жеткізіп, насихаттау.

Шындығына келгенде адамзатқа ең алдымен тыныштық, бейбіт өмір керек. Бейбіт тіршілікте адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады. Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз жалпыға ортақ Еңбек қоғамын құра аламыз» делінген Үндеуде.

Сонымен қатар, еңбекпен табылған нанның тәтті болатындығын жастардың санасына сіңіруге ықпал ету қажеттігі айтылған. Осындай насихат жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жастар – ел ертеңі» ұранымен кездесулер мен түрлі деңгейде жиындар өткізу, қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас буынның елжанды, еңбекқор, отаншыл, бәсекелестікке қабілетті, білімпаз, патриот болып өсуі жолында өнеге тұтарлық ел ағаларымен жиі сұхбаттасуын қолға алу керек. Бұдан бөлек, Жолдауда «Ауыл – ел бесігі» жобасының жариялануына байланысты «Ауылым – алтын бесігім» атты мәдени-рухани іс-шарасын өткізу, сонымен қатар ауылдан шыққан еңбек майталмандарымен кездесу ұйымдастырып, тәрбие жұмыстарын жандандыру да уақыт талабы. Осылардың барлығын саралап өткен ардагерлер мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын қолдай отырып, өңірдің әрбір тұрғынынан бастап барлық құзырлы органдар мен мемлекет қызметкерлерін, жастар мен үкіметтік емес ұйымдарды, зейнеткерлер мен барлық деңгейдегі ардагерлер ұйымдарын еліміз үшін осынау маңызды құжат тапсырмаларын сапалы орындауға бір кісідей жұмыла атсалысуға шақырады.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ