Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Түркістанда "Аты аңызға айналған Құл Қожа Ахмет Ясауи" дәрісі өтті

Қараша 07 / 2018

 "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Ғани Мұратбаев және Ататүрік мектептерінде "Аты аңызға айналған Құл Қожа Ахмет Ясауи" дәрісі өтті. Шараның мақсаты - барша түркі жұрты бас иген Ясауи жолы мен мұрасын өскелең ұрпаққа таныту, сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады. Түркістандық оқушыларға арналған дәрісті қорық-музейдің қызметкері Ардақ Бейсенова оқып, балалардың баба тарихына деген қызығушылығын арттыра отырып, сауалнама ұйымдастырды. Мұсылман әлемінде аты әйгілі, жаңа кезеңдегі сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер ақын әрі ойшыл, философ жерлесіміз Қожа Ахмет Ясауи Сайрамда 12 ғасырда дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи өмірі жөнінде деректер өте аз сақталған. Бұл туралы айғақты дерек-мәліметтер " Диуани хикметте" келтірілген.Ақын өзінің 63 жасқа дейінгі өмірін тәптіштеп баяндай келіп, бір жастан алпыс үшке дейінгі тұрмыс кезеңдерін,ірі- ірі окиғаларды жүйелі сөз етеді.Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибраһим Ата Сайрамда жасаған ғұлама кісі болыпты.Ол өзінің ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға( енді бір деректерде Қарашашқа) үйленіп, одан Гауһаршахназ атты бір қыз, одан он жас кіші Ахмет деген бір ұл бала көреді.Ахметтің шешесі жастай өледі де, әкесі жеті жаста қайтыс болады. Бала Ахметтің негізгі ұстазы, тәрбиешісі өзіне аталас туыс болып келетін Арыстан Баб екен.Бұл жайында ақынның өзі " Диуани хикметте": Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым салам, Мұстапаның аманатын бер деп маған. Сол мезетте мың бір зікір еттім тамам, Нәпсім тыйып, аллаға бет бұрдым міне. Құрма беріп, басым сипап , назар салды, Бір сәтте ол дүниеге сапар салды. Қоштасып бұл әлеммен , кете барды , Мектеп көріп , қайнап - толып , тастым міне! -дейді.Арыстан Бабтан біраз сабақ алып, өзінің оқуға деген талант- қабілетін танытқан жас Ахмет Бұхара қаласындағы Ж .Хамаданидің діни медресесінде оқиды.Мұны тамамдаған соң , аз жыл сонда( Хамадани қайтыс болған соң) қалып, медресені басқарады.Бұдан соң ол сопылық жолдың ащы- тұщысын да татып, Хақ дидарына ғашық болған ғарыптермен көптеген қалаларды аралайды, біраз жерлердің дәм- тұзын татады. Осыған орай ақын өз хикметінде: Уа, дариға, не істеймін ғарыптікте, Ғарыптікте кезбе болып қалдым міне. Хорасан, Шам, Ғиратқа ниет қылып, Ғарыптіктің көп қадірін білдім міне!- дейді. Он жеті жасқа толған соң, ақын Түркістанға оралып,сол кезде аты ғана бар" Йасы" деген жерге қоныс тебеді. Содан сол жерге жұрт б іртіндеп жиналып, қыстаққа айналады. Кейінгі ғасырларда Ясауидің аты жайылған соң, бұл мекен діни орталық болып, мәдениет ошағы ретінде танылды. Қода Ахмет Ясауи қайтыс болған соң, әйгілі Ақсақ Темір Көреген оның басына Орта Азияда теңдесі жоқ керемет күмбез салдырады, бұл кесене әлі күнге аспанмен таласып, сән - сәулетін бұзбай, асқақ тұр.

"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі

17:43

Введите сообщение

 

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ