Руханият 0 пікір 0 лайк

Сахна саңлақтары Саз колледжінің мерейтойын атап өтті

Қараша 06 / 2018

Шымкент қалалық Саз колледжінің 60 жылдық мерейтойына орай, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда аталған оқу орнының түлегі Қазақстан Республикасының халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева "Сіздерге мөлдір сезіммен..." концерттік бағдарламасын берді. Саз колледжінен қанат қаққан өзге де шәкірттер қатысқан айтулы кешті облыстық опера және балет театрының симфониялық оркестрі сүйемелдеді. Бас дирижері - Қуаныш Исмаилов. Сондай-ақ, концерттік бағдарламада Айгерім Темірбекова, Нұрқанат Тәпиев, Бекзод Садыков, Айбек Канатбек, Аян Төлеген де өнер көрсетті. Келесі күні көптеген өнер жұлдыздарының талабын ұштап, дарынына қанат бітірген қалалық Саз колледжі мерейтойының салтанатты шарасы да еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар мен шәкірттердің қатысуымен өтті. Дарындарды түлеткен білім ұясының түлектері ҚР Халық әртісі Лаки Кесоглу, Қазақстан мен Татарстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, опера әншісі Болатбек Бүкенов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, дирижер Жалғасбек Бегендіков, ҚР Мәдениет қайраткері, доцент Серікжан Әбдінұров, халықаралық байқаулардың лауреаты, эстрада әртістері Бауыржан Исаев, Жолбарыс Сейфуллин және тағы да басқа сахна саңлақтары өнер шашуын шашқан шарада Түркістан облысының әкімі Түймебаев Жансейіт Қансейітұлының да құттықтауы оқылып, арнайы сый-сияпаты және оқытушыларға алғыс хаты табысталды. Үш күнге ұласқан торқалы мерейтой Төлеби ауданында Нұржамал Үсенбаева бастаған Шымкент қалалық Саз колледжі студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласып, ел ықыласына бөленді. Түркістан облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ