Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Қоғам қайраткерін еске алды

Қараша 06 / 2018

 

Жетісай ауданының, Құрбан ата ауылындағы Нұртас Оңдасынов атындағы білім ордасында атын иемденіп отырған қоғам қайраткерінің 114 жылдық мерейтойы атап өтілді. Аталмыш іс-шараға немересі Нұртас Геннадийұлы қатысты. Жиналған көпшілік оқушылардың концертін тамашалады.

 

Бұралаңы көп өмір қазақ халқының басына ауыр да азапты күндерді көп артты. Осындай кезеңде Нұртас атадай ардақтылар ел бірлігі үшін аянып қалған жоқ. Баяндамашылар мен көнекөз қариялардың қайраткер жайлы айтқан әңгімелері көпшілік қауымның жүрегін тебірентпей қоймады. Нұртас атамыздың немересі Нұртас Геннадийұлы қазақ халқының, ұжым мүшелерінің, ауыл тұрғындарының ұйымшылдығы мен қонақжайлылығына таңданысын жасырмады.

 Ұлы тұлғаның өнегелі істері жастарды ұлтжандылыққа, ерлікке, батырлыққа баулығанына талас жоқ. Осындай ауқымды іс-шараны ұйымдастырғаны үшін жиналғандар мектеп ұжымына алғыс айтты.

Феруза ОМАРОВА, Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Жетісай ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ