Руханият 0 пікір 2426 лайк

«Алашым деп өткен арда ұл»

Қараша 06 / 2018

 

Әбдірахман Қыдырбек, «Оңтүстік Қазақстан».

Осындай атпен Түркістан қаласындағы Нәзір Төреқұлов атындағы музейде Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті студенттерінің арасында ақындар айтысы өтті. Музейдің 10 жылдығы мен Н.Төреқұловтың туғанына 126 жыл толуына орай ұйымдастырылған айтыста студенттер Төреқұловтың қайраткерлігі мен дипломатиялық қызметін жырға арқау етті.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткен айтыста бас бәйге мен Манап Көкенов атындағы номинацияны айтыскер ақын Тілеубек Батыс (Қытайдан келген) еншіледі. Бірінші орын мен Тәушен Әбуова атындағы номинацияны Рыскүл Манарбекқызы (Семей облысының түлегі) иеленсе, екінші орын мен Көпбай Омаров атындағы номинация Бақнұр Нұрманға (Тараз облысынан) бұйырды. Ал, үшінші орын және Қаныбек Сарыбаев атындағы номинациямен Еламан Төлеутай марапатталды. Әбдікерім Манапов, Бекарыс Шойбеков атындағы номинацияларға қоса ынталандыру жүлделері Қайсар Бауыржан мен Марғұлан Жанбауға берілді.

 Сайыс қорытындысында музей меңгерушісі Бақытжан Жорабеков айтыскерлерге арнайы жүлделерін табыс етті.

Түркістан қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ