Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Үшемді арнайы барып құттықтады

Қараша 03 / 2018

 

Келес ауданы Ұшқын ауылдық округіне қарасты Достық елді мекенінің тұрғыны Ұлжалғас Бақтыбаева 4 қазан күні Айберік, Байсерік және Гүлсім есімді үшемді дүниеге әкелген болатын. Қуанышты жаңалықты ести сала Келес ауданының әкімі А.Есбаев, аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков үшемдердің отбасына арнайы барып, құттықтады.

 

Қазіргі таңда үшемдердің жағдайы жақсы, арнайы медициналық мамандардың бақылауында тұр. Аймақ басшысы дүниеге келген үшемдерге халықтың елеулі азаматы болуды тілеп, алдағы уақытта аудандық әкімшілік тарапынан көмек болатынын жеткізді. Аудан басшысы үшемнің ата-анасына арнайы сыйлық табыс етті.

Г.АЙХОДЖАЕВА. Келес ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ