Заң-заман 0 пікір 2407 лайк

Жұмыс тәртібі реттелмек

Қараша 03 / 2018

 

Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаментінде әдеп кодексінің, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын орындау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысты іс-шаралар жүйелі түрде өтіп тұрады.

 

Сондай жұмыстың бірі бекітілген жоспарға сәйкес 2018 жылғы 25 қазан күні өткізілді. Шараға қатысушылардың алдында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің маманы С.Забиров баяндама-лекция оқыды. Лекцияның тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама ережелерін және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері» деп аталғандықтан осы салаға байланысты біршама мәліметтерден хабар берді. Сонымен қатар, әдеп нормаларына қатысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Әрине, түсіндіру жұмысы арнайы және тұрғылықты жерлерден түсірілген бейнероликтермен толықтырылып отырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәртібін реттеу бойынша тиісті қорытынды шығару қажеттілігіне тоқталды. Мемлекеттік қызметшілердің өлшемді жұмыс сағаты аяқталғаннан кейін қалып, үстеме жұмыс атқару мәселесіне ерекше көңіл бөлу жайында сөз болды. Осыған байланысты агенттіктің бекітілген кешенді жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыстарына мониторинг жасау бойынша сауалнама жүргізілді.

Сәуле БАЙЖАНОВА, Шымкент қаласы бойынша қазынашылық департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ