Боксты дамытуға атсалысады

Қараша 01 / 2018

 

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бокстан ҚР ұлттық құрама командасының бас бапкері Мырзағали Айтжановты қабылдады.

 

Мырзағали Құланұлы өңір басшысына ел құрамасының қазіргі уақытта атқарып отырған жұмысы мен Түркістан облысында бокстың дамуы туралы баяндады. Сонымен бірге, ол өз жұмысын алдағы уақытта Түркістан облысымен байланыстырып, ары қарай жалғастыратынын, сондай-ақ өңірде бокс спортының жан-жақты дамуына қолдау білдіретінін мәлімдеді.

«Мен Түркістан облысының тумасы ретінде осы уақытқа дейін жинаған тәжірибемді, бар мүмкіндігімді облыстағы бокс спортына ден қойған жастар мен жасөспірімдерге бағыттап, перзенттік парызымды орындағым келеді» деді М.Айтжанов.

Облыс басшысы бас бапкерге азаматтық жасағаны үшін шынайы алғысын білдіріп, алдағы уақыттағы жоспарларына жан-жақты қолдау көрсететінін, сондай-ақ облыстағы дене шынықтыру және спорт саласын күнделікті бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Соңында, өңір басшысы кездесуге қатысқан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшының міндетін атқарушы А.Бердашевке Елбасы Жолдауында көрсетілген дене шынықтыру және спорт саласына қатысты бағыттар бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ