Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2332 лайк

Түркістан облысы ет экспорттау бойынша көш бастап тұр

Қазан 23 / 2018

 

Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың 9 айында ірі қара мал басының саны 11 пайызға артып, 972,6 мыңға жеткен. Қой мен ешкі саны 4,2 пайызға артып, 4323,0 мыңға, жылқы 7,9 пайызға артып, 304,0 мыңға, түйе 6,8 пайызға артып, 27,5 мыңға, құс 8,2 пайызға артып, 1934,0 мыңға көбейген.

 

Мал басының көбейгеніне байланысты өңірдегі ет өндіру көрсеткіші 7 пайызға артқан. Нәтижесінде өндірілген ет көлемі 154,7 мың тоннаға жетіп отыр. Ал, жұмыртқа өнімі 9,2 пайызға артып, 146,7 млн. дананы, сүт 3,2 пайызға артып, 555 мың тоннаны құрады. Жалпы, облыста 4,5 мың тонна ірі қараның еті алыс жақын шетелдерге экспортталып, тапсырма 4,5 есеге орындалды. Бұл етті экспорттау бойынша өңіріміздің республикада 1-орында тұрғанын білдіреді.

Бүгінде 2018-2027 жылдарға арналған ұзақ мерзімді етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес Түркістан облысының жұмыс жоспары әзірленіп, Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісіліп, бекітілген. Жоба бойынша аналық ірі қара мал басын 2027 жылға қарай 1 218,7 мыңға, аналық ірі қара мал басының импортын 36 мыңға, фермерлік шаруашылықтардың аналық ірі қара малын сатып алуды 150 мыңға жеткізу көзделген.

Бағдарламаның негізгі міндеті фермерлік шаруашылықтарды дамыту болып табылады. Бағдарлама аясында 15 жылға дейін 4 пайызбен несие беріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ