Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2328 лайк

«Алтын күз» ырысын төкті

Қазан 23 / 2018

 

Мақсат Қарғабай, «Оңтүстік Қазақстан».

Көктем шыға кетпенін күнге сүйдіріп, еңбектенген шаруалар ала жаздай алқабын баптап, қоңыр күзде жиын-терім уақытында жылдық азығын еселеп, еңсеріп алды. Бұл еңбеккерлер үшін толайым табысты молшылық айы болып саналады.

 

Созақ ауданының ауыл шаруашылығы қызметкерлері берекелі қазан айын табысты қорытындылап, «Алтын күз» мерекесін мерекеге жалғады.

Аудан әкімі Салыхан Полатов пен аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов барша аудан жұртшылығын айтулы күнмен құттықтап, алдыңғы орындарды иеленген ауыл әкімдіктері мен еңбек озаттарына марапаттаулар тапсырды. Ауданның он ауыл әкімдігіндегі шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер, тауар өндірушілер күзгі жиын-терім өнімдерін жәрмеңкеге әкеліп халықтың тұтынымына ұсынды. Ет, сүт өнімдері, бау-бақша дақылдары, ұннан жасалған түрлі тоқаштар, торт, самсаға дейін самсап тұр. Төрт түлік малдың еттері, балық, тауық өнімдері бәрі де аудан халқының назарына базар нарқынан төмен бағада ұсынылды. «Алтын күз» мерекесінде ауыл шаруашылығы техникалары, асыл тұқымды мал түрлері де көрмеге шығарылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша бірінші орынды Созақ, екінші орынды Құмкент, үшінші орынды Шолаққорған және Жартытөбе ауыл әкімдіктері иеленді. Сондай-ақ, жеке көрсеткіштер бойынша түрлі салада еңбек ететін бірнеше азамат «Алтын күздің» марапат иелері атанды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ