Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2326 лайк

Шардаралықтар сенімді ақтайды

Қазан 23 / 2018

 

Әділ ӘБДІРАМАНОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Елбасы Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша республикалық ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері, ҚР Энергетика министрлігі Әкімшілік жұмысы департаментінің директоры Өмірсерік Әшімбев пен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков Шардара қаласындағы Абай атындағы мәдениет сарайында тұрғындармен кездесті.

 

Жиында топ мүшесі Өмірсерік Әшімбаев баяндама жасады.

– Болашағымызды баянды ететін Елбасы Жолдауында айтылған басым бағыттар шын мәнінде де халқымыздың тұрмыс сапасын арттырып, әлеуетін жақсартады. Оған біздің мүмкіндігіміз жеткілікті, қаржы көздерін қайдан алып, қалай жұмсау керектігін Мемлекет басшысының өзі айқындап беріп отыр, – деген Өмірсерік Өстетайұлы республика мен облыс деңгейіндегі атқарылып жатқан шаруаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Мұнан кейін жарыссөзге шыққан аудандық орталық аурухананың статистика бөлімінің меңгерушісі Пәзілхан Мыңбаев, қаладағы №8 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Гүлнәр Есмұрзаева, аудан жастары атынан Бекжан Еспанов Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдап-қуаттайтындарын жеткізді.

Жиынды қорытқан аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев:

– Жолдауды насихаттап, халыққа жеткізе білу – осында отырған баршамыздың міндетіміз, – дей келе маңызды құжаттан туындайтын міндеттерді іске асыруда шардаралықтар бір кісідей жұмыла еңбек етеді деп сенім білдірді.

Шардара қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ