Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Елді ерекше жігерлендірді

Қазан 23 / 2018

 

Алмас АҚЫЛБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған бастаған республикалық ақпараттық-насихаттық топ Отырар ауданында болды.

 

Келелі жиынды аудан әкімі Ерлан Айтаханов ашып, жүргізіп отырды. Аудан тұрғындары, зиялы қауым, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік сала, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан кездесуде арнайы баяндама жасаған тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяған Елбасы Жолдауындағы еліміздің экономикасын өркендетіп, тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған 6 басымдыққа жан-жақты тоқталды. Ұлт Көшбасшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін халықта ынтымақ, бірлікпен қатар, елдің ерекше жігері болуы қажеттігін баса айтты.

Кездесуде сөз алған аудандық шаруалар қауымдастығының төрағасы Өсербай Жүніс, Қ.Сәтбаев атындағы мектептің мұғалімі Нұржігіт Нұрымшан өз пікірлерін білдірсе, жастар өкілі атынан Гауһар Жүсіп-әлиева отырарлықтардың Елбасы Жолдауына деген ыстық ықыласын жыр-шумақтарымен жеткізді.

Аудан басшысы отырарлықтар атынан республикалық ақпараттық-насихаттық топ өкілдеріне алғыс білдіріп, тарихтан сыр шертетін үш тілде жарық көрген «Отырар жәдігерлері» атты альбом-кітапты сыйға тартты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ