Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Жас патриоттар марапатталды

Қазан 23 / 2018

 

Түлкібас ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған игі іс-шаралар легі әлі жалғасын табуда. Жақында оқушылар шығармашылығы бойынша аудан мектептері арасында (өлең жазу, сурет салу, тоғызқұмалақ, шахмат, теннистен) «Менің ауданым» тақырыбында байқау өткізілді. Бұл сайыс арқылы балалар өздерінің туған жеріне деген патриоттық сезімдерін, көңілдеріне түйгендерін балалық таза көңілмен жеткізе білді.

 

Балалардың шығармашылығын дамытып, ынталандыруға арналған бұл сайыста жас таланттардың есімдері анықталды. Жұмысы жоғары бағаланған балғындар Алғыс хат және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Айгүл СҮНДЕТОВА. Түлкібас ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ