Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2310 лайк

Табыс та, тұрмыс сапасы да артады

Қазан 20 / 2018

 

ҚР Парламент Сенатының депутаттары А.Бейсенбаев, Ә.Бектаев және Ә.Құртаев Ордабасы ауданына ат басын бұрып, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау мақсатында алқалы жиын өткізді.

 

Халық қалаулылары Жолдаудың ерекшеліктеріне тоқталып, ел игілігіне бағытталған негізгі басымдықтарын тілге тиек етті.

Жусансай ауылының тұрғыны Ә.Қарынбаев, медицина саласының ардагері И.Оразбаев, аудандық Жастар орталығының сектор меңгерушісі Н.Көшбай ордабасылықтардың Жолдауды қолдайтынын айтып, ауыл шаруашылығы, медицина, білім саласындағы орын алатын оң өзгерістер мен жастарға деген ерекше қамқорлыққа ризашылықтарын жеткізді.

Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғ.Үсенбаев сенаторларға ордабасылықтардың атынан алғысын жеткізіп, жиынды қорытындылады.

* * *

Дәл осындай жиын Төлеби аудандық Мәдениет үйінде де өтті. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаттары А.Бейсенбаев, Ә.Бектаев, Ә.Құртаев қатысып, Жолдау жүктеген міндеттерді кеңінен түсіндірді. Жиында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Абдукаимов және аудан жастары атынан Ж.Амангелдиев сөйлеп, соңы пікір алмасу, сұрақ-жауапқа ұласты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ