Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2309 лайк

Сенаторлармен кездесу өтті

Қазан 20 / 2018

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Дархан Сатыбалды «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси кеңесі мүшелерімен кездесті.

 

Жиында сенаторлар Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі басымдықтары мен оның жүзеге асырылу мәселелері жөнінде жан-жақты әңгімеледі.

– Осы аптада зиялы қауым өкілдерімен, ардагерлермен, жастармен, денсаулық сақтау, білім саласының мамандарымен жолықтық. Бұрынғы әріптестермен, ардагерлермен жүздесуіміз бізге зор серпін береді. Елбасының өңірімізге келгендегі тапсырмаларын орындауға бар күшімізді саламыз. Қала әкімдігімен бірлесе мәселелерді көтереміз, – деді Нұрлан Құдиярұлы.

Жиында сөз алған «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының саяси кеңес мүшесі Орынбай Рахманбердиевтің айтуынша, Парламент Сенаты негізінен жергілікті мәслихатпен тығыз жұмыс істейді. Партия ардагері жаңадан сайланған екі азаматтың да абыройлы қызмет атқаратынына сенім білдірді.

– Қолдау білдіргендеріңізге рахмет. Шымкент қаласы ғана емес, еліміздің дамуына да атсалысамыз. Биылғы Жолдауды насихаттау форматы да өзгерді. Жастармен кездескенде де көп мәселе айтылды. Жастар үшін үлкен кешенді іс-шаралар жасалып жатыр. Қаладағы жастар саясатын дамыту, цифрландыру бойынша бірқатар мәселелерді көтереміз, – деді Дархан Амангелдіұлы.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары бұған дейін Шымкенттің жастарымен де жүздесіп, Елбасы Жолдауындағы жастарға арналған тапсырмаларды талқылаған болатын.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ