Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Мамандар кеңес берді

Қазан 20 / 2018

 

Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында облыстық опера және балет театры ұжымына «Террорлық акт, жер сілкінісі және өрт қауіпсіздігі» тақырыбында сабақ өтті.

 

Департаменттің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Ғ.Тұрманов пен азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, лейтенант С.Алина театр қызметкерлеріне терроризмнің қоғамға, адамзатқа тигізер залал-зардабы жайында әңгімеледі. Мамандар қоғамда орын алып отырған діни экстремизм мен

терроризмнің шығу себептеріне тоқталып, театрға келетін көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай шаралар атқару керектігін түсіндірді. Театр ұжымы өзекті тақырыпты талдауда белсенділік танытып, осындай сабақтар алдағы уақытта да өтіп тұрса деген ұсыныс жасады.

Ү.РЗУАНҚЫЗЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ