Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Жаңа форматпен қанша адам көмек алды?

Қазан 20 / 2018

 

Оқырмандарымыздың есінде шығар, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аз қамтылған отбасыларға атаулы көмектің жаңа форматы енгізілгенін газетімізде бұрын хабарлаған едік. Яғни ол бұрын бұған дейін ұсынылып келген үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнын, атап айтқанда, арнайы көпбалалы отбасылар үшін берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, 18 жасқа дейінгі балалар үшін мемлекеттік балалар жәрдемақысын және атаулы әлеуметтік көмекті алмастырды. Содан бері біраз уақыт өтті. Өңіріміз бойынша мұндай көмекке қанша адамның қолы жетті?

 

Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне жүгінсек, биыл барлығы 247,6 мың адамға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетіні жоспарланған. Осы мақсатқа қаржы қажеттілігі 16,4 млрд. теңгені құрады, оның 7 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен бөлініпті.

Сала мамандарының айтуынша, 2018 жылдың 1 қыркүйегіне дейін облыс бойынша 29 896 отбасындағы 170 553 адамға жалпы сомасы 11 970,6 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның ішінде шартты ақшалай көмек 26 620 отбасындағы 156 360 адамға 11 353,9 млн. теңге ұсынылды. Ал, 3 276 отбасындағы 14 193 адамға 616,7 млн. теңге шартсыз ақшалай көмек берілді. Жалпы 29 694 жұмысқа қабілетті шартты ақшалай көмек алушының 22 968-і жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылған. Осылайша мемлекет тарапынан аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау жалғасын тауып келеді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ