Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Аяғыма нық тұрғызды

Қазан 20 / 2018

 

Бірнеше жылдан бері сол аяғымнан жүруден қалып, аурудың азабын қатты тарттым. Ауданда қаралмаған жерім қалмаған еді. Биыл 24 тамызда Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасына келіп жаттым. Мәди Биғалиев басқаратын ұжымның дәрігерлері өздерінің жоғары білікті маман екенін іс жүзінде дәлелдеді.

 

Әсіресе, жарақат бөлімінің меңгерушісі Марат Үсенов бастаған мамандар сол аяғымды жіті тексеруден өткізіп, операцияға дайындай бастады. Дәрігерлердің айтуынша, бар кінәрат жамбасымдағы ұршықтан екен. Кемігі азайып, сүйекке жеткен. Жасалған ота сәтті шықты. Емдеуші дәрігер Мадияр деген жігіт өте мың болғыр бала екен. Меңгеруші екеуі күнде палатаға келіп, жағдайымды біліп тұрды.

Қазір жүруге жарап қалдым. Бұған да шүкір. Емімен де, сөзімен де науқастарға шипа дарытып жүрген дәрігерлерге айтар алғысым шексіз.

Башорад ӘБДУАХИДОВА. Түлкібас ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ