Руханият 0 пікір 2293 лайк

«Жыр сұлтаны – Сұлтанмахмұт»

Қазан 20 / 2018

 

Қазақ халқының көрнекті ақыны С.Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай Шымкенттегі Ж. Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектептің кітапханасында «Жыр сұлтаны – Сұлтанмахмұт» атты тақырыпта әдеби кеш өтті.

 

Оған 6-7-сынып оқушылары қатысты. Балалар ақынның өмір жолымен және М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ш.Айманов сынды ұлт зиялыларының С.Торайғыров жайлы айтқан ой-пікірлерімен бөлісті. Қоғам қайраткерінің шығармалары қойылған көрмені тамашалады.

Шара барысында оқушылар арасында ақынның шығармаларын мәнерлеп оқудан жарыс ұйымдастырылды. Олардың арасында А.Үсіпбек, Д.Рахымжанова, Е.Тұрсынбек, Б.Дүйсебек, Д.Иралиева өзгелерден оқ бойы оза шауып, мақтау қағазымен марапатталды.

Қамар ҚОЖАНИЯЗОВА, Ж.Баласағұн атындағы №6 жалпы орта мектептің мұғалімі. Шымкент қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ