Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде

Қазан 19 / 2018

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына және «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің 40 жылдығына орай «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде. 

Конференция аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлы мен Түркістан облысының әкімі Ж.Қансейітұлының арнайы құттықтаулары оқылып, алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, музей саласын дамытуға еңбек сіңірген басшылар мен қызметкерлер "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің 40 жылдығы медалімен марапатталды.
Конференцияны ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Түркістан облысы әкімдігінің бірлесуімен өтуде.
Конференцияның мақсаты - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тарихи-мәдени мұралар мен қасиетті орындарды насихаттау, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалалардың әлемдік мәдениетке қосқан үлесін жəне Қазақ хандығының ғасырлар бойы рухани астанасы болып келген Түркістанның орны мен рөлі және отандық музей саласындағы актуалды проблемаларды сараптау, талдауға арналған.
Жиынға Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Украина елдерімен және отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысуда.

Конференция тақырыбының негізгі бағыттары
1. Түркістан жазирасында ортағасырлық қоныстар, қалалар мен астаналар
2. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық қалалардағы ғылым мен мәдениет
3. Шетелдік зерттеушілер мен саяхатшылар еңбектеріндегі ортағасырлық қалалар
4. Рухани жаңғыру: музей ісі және ескерткіштерді қорғау мәселелері
5. Тарихи-мәдени туризм және оны дамыту жолдары
Басқосу қазақ, түрік, орыс және ағылшын тілдерінде өтуде.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ