Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2291 лайк

МЕКТЕПТЕР БАСТЫ НАЗАРДА!

Қазан 18 / 2018

 

Бүгінгі таңға Сайрам ауданында 74 мектеп бар. Оның 64-і жалпы орта мектеп болса, 8-і негізгі орта мектеп. Ал, 2-і бастауыш мектеп. Аудандағы мектептерде 57 мыңнан астам оқушы білім алады. Педагог қызметкерлердің саны 6 мыңнан асады.

Жалпы, 2017-2018 ж. 6 мектептің құрылысы жүргізіліп, 2 мектепке қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілген. Апатты 1 мектеп бар. Құрылысы 2018-2019 жылдарға жоспарланған. Алдағы уақытта республикалық және облыстық бюджеттерге 8 білім ошағын салуға ұсыныс енгізіліп отыр.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Сайрам ауданының әкімі Манкент ауылдық округіндегі "Айнабұлақ" негізгі орта мектебінде болып, оның жай-күйімен танысқан болатын. Аталған мектеп 1991 жылы бастауыш мектеп (4 бөлмелі) болып ашылған. 2001 жылы 9 жылдық болып қайта өзгертілген. Қазіргі таңда аталған білім ошағында 80-нен астам мұғалім жұмыс істесе, оқушылар саны 704. Екі ауысымда жұмыс жасайды. Мектеп жерінің аумағы 1 гектардан асады. 

Аудан басшысы мен тиісті сала мамандары аталған мектептің проблемасымен жіті танысып, алдағы уақытта заң аясында жаңа мектептің құрылысын жүргізу үшін жер телімі қарастырылатындығын айтты. Барлық процедуралардан кейін ғана алдағы жылдары жаңа мектептің құрылысын бастау жоспарға қойылған. Жалпы, 2020 жылға дейін ауданда мектептердің құрылысына байланысты мәселелер өз шешімін табады.

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ