Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2290 лайк

Шымкент темiржол ауруханасы: «АШЫҚ ЕСIК» күнiне шақырады!

Қазан 18 / 2018

 

«Емханаға тіркеу» науқаны еліміз бойынша 15 қыркүйекте басталғаны белгілі. Осы іс-шараның аясында Шымкент теміржол ауруханасы 22-23 қазан күндері «Ашық есік» күнін өткізеді. Қала тұрғындарына арналған іс-шара барысында танымал дәрігерлер тегін қызмет көрсетеді.

 

Атап айтқанда, шараға келгендер Алматы қаласы орталық клиникалық ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты нейрохирург дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаевтың,

Алматы қаласы кардиология орталығы кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас кардиохирургі Нұрсан Сұрашевтің қабылдауында болып, қажетті кеңесін ала алады. Сонымен қатар, медицина ғылымының кандидаты, балалар невропатологы, диагност, эпилептолог дәрігер Кайырғали Көнеев, Алматы қаласы №5 қалалық клиникалық ауруханасының бет-жақ хирургі, жоғары санатты дәрігер Жарқынбек Ұғланов ақысыз қызметін ұсынады. «Ашық есік» күні бағдарламасы бойынша қатысушыларға екі күн бойы травматолог, гинеколог, лор, уролог, офтальмолог дәрігерлер қала тұрғындарына тегін кеңес беріп, емхана қызметімен таныстырады.

«Ашық есік» күні жоғары санатты дәрігерлерді ақысыз кеңес жүргізуге шақырып отырған Шымкент теміржол ауруханасы бұл шараны бір реттік науқан түрінде өткізіп қана қоймай, алдағы уақытта дамыта түсуді жоспарлап отыр. Яғни осы емханаға тіркелген азаматтарға 2019 жылдан бастап білікті дәрігерлердің кеңес беру қызметін тұрақты түрде ұйымдастырмақ.

Аталған шара медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясында емхана жұмысын одан әрі жақсартуға бағытталған басты қадам болып табылады. Нәтижесінде емханада тіркеуде тұратын азаматтар Шымкент қаласынан ұзамай, еліміздің жетекші емдеу мекемелерімен тікелей байланыс жасай алады. Байланыс барысында еліміздің жетекші дәрігер-мамандарынан тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетейік, 15 қыркүйектен басталған «Емханаға тіркеу» науқаны 15 қарашаға дейін жүргізіледі. Тұрғылықты мекенжайының әртүрлі болуына қарамастан әрбір тұрғынның өзі қалаған емханасына тіркелуіне болады. Ол үшін жеке куәлігінің көшірмесін өткізіп, өтініш үлгісін толтырса болғаны.

Тағы нақтылай кетсек, Шымкент теміржол ауруханасында мамандардың кеңес беру қызметін 22-23 қазан күндері сағат 9.00 мен 16.00 аралығында жүргізу жоспарланып отыр.

Алдын ала тіркелу үшін 95-73-01, 8-702-094-83-62 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Қабанбай батыр көшесі,26 құрылым.

 Ұйымдастыру алқасы.

 

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ