Шетелдік қоғам белсенділерімен кездесті

Қазан 18 / 2018

 

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Мир через духовность» қоғамдық ұйымы кеңесінің Ресей мен Қазақстандағы өкілдерімен кездесті.

 

Басқосуда тараптар таяуда Сайрам ауданында Англия мен Америкадан келген жоғары дәрежелі дәрігерлердің қатысуымен ұйымдастырылған халық- аралық еріктілер лагері мен халықаралық медициналық конференцияның өткізілуіне байланысты сөз қозғап, медицина саласындағы әрмен қарайғы ынтымақтастық мәселесі туралы әңгімелесті. Жиында халықаралық медицина саласындағы нақты іс-шаралар егжей-тегжейлі келісіліп, алдағы жоспарлары баяндалды.

Сондай-ақ, отырыста шетелдік қонақтар облыс басшысына Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында шетелдік ғалымдардың қатысумен халықаралық мәдени, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларды Түркістан облысында ұйымдастыру бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде өңір басшысы меймандардың ұсыныс-тілектерін толықтай қолдайтынын айтып, болашақта бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Еске салайық, осы жылдың шілде айында Сайрам ауданында 8 топтан құрылған 30 дәрігер жергілікті халыққа тегін медициналық көмек көрсеткен-ді. Аталған шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңір басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен ұйымдастырылған. «Мир через духовность» қоғамдық ұйымының мүшелері облыстық клиникалық ауруханада «Халықаралық медициналық конференция» өткізіп, аталған медициналық мекеменің жетекшілерімен және мамандарымен тәжірибе алмасқан.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ