Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2285 лайк

Этносаралық келісімнің теңдессіз үлгісі

Қазан 18 / 2018

 

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесіне орай өңірдегі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті.

 

– Қазақстан тәуелсіздік жылдарында этносаралық және конфессияаралық келісімнің теңдессіз үлгісін қалыптастырды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында елімізде 130 этнос өкілі мен ондаған конфессия өкілдері өзінің тілін, салт-дәстүрлері мен дінін емін-еркін ұстанып, тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ал, Рухани келісім күні – Қазақстан халқының осынау ынтымағы мен бірлігін нығайта түсетін мереке, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесуге Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, найб мүфти – ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, «Шымкент епархиясы Састөбе поселкесіндегі қасиетті Блаженная Ксения Петербургская храмының приходы» жергілікті православ діни бірлестігінің қызметшісі Алексей Драчев және басқа да дін өкілдері қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында облыс әкімі Ж.Түймебаев діни конфессиялардың басшыларына мерекеге орай Алғыс хаттар мен естелік сыйлық табыс етті.

А.Сайлауұлы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ