Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

Елбасы Жолдауы жаңа мақсаттарға жетелейді

Қазан 18 / 2018

 

Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Түлкібас ауданына арнайы іссапармен ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Асқар Бейсенбаев пен Әли Бектаев келіп, аудан активімен және тұрғындармен кездесті.

 

Жиын барысында сенаторлар Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып, маңыздылығын түсіндірді. Сондай-ақ, сөз сөйлеуге шыққан аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Анашев, «Бес жал» ӨК төрағасы Ә.Сапаров пен аудандық «Жастар ресурстық орталығының» белсендісі, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары аумақтық штабының жетекшісі И.Жолбасханов Жолдауда айтылған жаңалықтарды қуана қарсы алғандарын айта отырып, осы құжаттың арқасында халқымыздың әл-ауқаты біршама жақсарып, болашаққа нық қадам басуға талпыныс беретінін тілге тиек етті. Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырып, ел жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жалғасатынын айтты.

Осы күні сенаторлар Сайрам ауданы тұрғындарымен де жүздесті.

Жиында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев биылғы Жолдаудың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын мәлімдеп, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының не себептен тағы да 5 жылға ұзартылғанын түсіндіріп өтті. Оның айтуынша, аталған бағдарлама өзінің өміршеңдігін дәлелдеген. Яғни бағдарламаның арқасында елімізде талай кәсіпкер несие алған. Нәтижесінде көптеген кәсіпкерлік субъектілері іске қосылып, мыңдаған жұмыс орны ашылған.

Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев Жолдаудың аудан тұрғындарына серпін беретінін жеткізді. Жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, Елбасының Жолдауын үлкен ықыласпен қолдайтындықтарын және өз үлестерін қосатындарын айтты.

Алдағы уақытта ҚР Парламенті Сенатының депутаттары бастаған топ Жолдауды насихаттау мақсатында Төлеби, Ордабасы, Қазығұрт пен Отырар аудандарының тұрғындарымен кездеседі.

* * *

Елбасының жаңа Жолдауын насихаттау мақсатында ҚР Парламенті Cенатының депутаты Әлімжан Құртаев Жетісай ауданына келіп, кездесу өткізді. Жиынға Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев, аудандық мәслихат хатшысы Әлихан Утанов, аудандық ардагерлер және аналар кеңесі, аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Алғаш боп сөз алған Әлімжан Сейтжанұлы жаңадан құрылған Жетісай ауданының халқына құтты болсын айта келе, Елбасының Жолдауындағы негізгі басымдықтарға тоқталды.

– Осыдан үш жыл бұрын қолға алынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, одан кейінгі еліміздің Үшінші жаңғыруы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етсе, енді халқымыздың табысын еселеп, өмір сүру деңгейін көтеруге қадам бастық. Жолдау осы мақсатта қолға алынуы тиіс негізгі алты мәселені ел назарына ұсынды. Үкіметімізден бастап жергілікті әкімдіктерге дейін Елбасы тапсырмасын орындауға күш салсақ, қарапайым халықтың бейнеті мен зейнеті ақталар күн жақын, – деді сенатор.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ