Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Білім беру орталығы ашылды

Қазан 18 / 2018

 

Шымкент қаласы «Нұрсәт» шағынауданында жаңа білім беру орталығы іске қосылды.

 

«Аида Нұрмұханованың Білім Академиясы» деп аталатын бұл орталық қалада үш жылдан бері жұмыс істеп келеді. Орталық жақында жаңа ғимаратқа қоныс аударды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Қаратау ауданының әкімі Исамедин Қантөреевпен бірге қоғамдық ұйым өкілдері, ардагерлер, балалар және олардың ата-аналары қатысты.

Айта кетейік, балалардың ой-өрісін дамытуға арналған білім академиясында мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді қазақ тілінде оқытудың жаңа әдістемесі, яғни «Жас кемеңгер» деп аталатын бағдарлама қолданылады. Сонымен қатар, орталықтан шет тілдерін меңгеруге арналған курстармен қатар, хореография, музыка, спорт, шешендік өнерге баулитын үйірмелерді де таба аласыз.

Балаларды дұрыс сөйлеуге үйрететін логопедтер мен өтпелі кезеңдегі жасөспірімдермен жұмыс істейтін психологтар да бар. Шахматқа қызығатын балалардың да мұнда арнайы мамандардан дәріс алып, шеберліктерін шыңдауына болады.

Альвира ПАЙЫСХАН.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ