Түркістанда салынатын нысандардың құрылысымен танысты

Қазан 16 / 2018

 

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды.

 

Вице-Премьерді облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Қ.А.Яссауи мавзолейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайы маңында салынатын құрылыс нысандарының жобасымен таныстырып, алдағы жұмыс жоспарын баяндады.

Атап айтқанда, А.Маминге мәдени демалыс орындарының құрылысы, ашық аспан астындағы Күлтөбе мұражайы, әуенді субұрқақ және амфитеатр жобалары таныстырылды. Сонымен бірге мұражай маңында бой көтеруі тиіс Түркістан облысының киелі орындары орталығы мен «Қазақстан-Назарбаев», «Ұлы Дала елі» орталықтары, Қ.А.Яссауи мұражайы, шығыс моншасы, «Астана» саябағы, «Түркі әлемінің орталығы» ғимараты, бейнелеу өнері музейі, сондай-ақ, «Қазақстанның хандары мен билері» тарихи-мәдени орталығының жобаларына қанықты.

Асқар Мамин аталған жобалар бойынша тиісті тапсырма беріп, орындалуын қадағалауды облыс басшылығына тапсырды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ