Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

Төлебиліктер қызу қолдайды

Қазан 16 / 2018

 

Мемлекет басшысының 2018 жылығы 5 қазандағы Жолдауын халыққа түсіндіру және насихаттау мақсатында арнайы ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жұмыс істеуде.

 

Өткен жұмада Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков бастаған арнайы топ Төлеби ауданында болып, жұртшылықпен жүздесті. Елбасы Жолдауында айтылған халықтың әлеуметтік жағдайы, табыс пен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған қадамдарды жан-жақты түсіндірді. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Қайрат Анарбаев Жолдауға байланысты толымды баяндама жасады. Жиында Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірхан Шыңғысбаев, жастар ресурстық орталығының директоры Қайрат Қыпшақов жарыссөзге шығып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ