Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

Шардара да шет қалмайды

Қазан 16 / 2018

 

Елбасы Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Шардара ауданына келіп, тұрғындармен кездесті.

 

Қала, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысқан кездесуде облыстық ақпараттық-насихаттық топтың мүшесі Бақытжан Әшірбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, қаладағы М.Әуезов атындағы

№1 жалпы орта мектебінің директоры Еркінәлі Ақбердиев, Жаушықұм ауылдық емханасының аға дәрігері Қабылан Ермекбаев, аудан жастары атынан Әйгерім Бердалиева сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауында айтылған халықтың әлеуметтік жағдайы, табыс пен тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған қадамдарды жан-жақты түсіндіріп өтті. Облыстық ақпараттық топтың мүшесі Әбдірахман Тасыбаев насихат жұмысын қорытындылай отырып, облыста атқарылып жатқан шаруалармен де көпшілікті хабардар етті.

Әділ ӘБДІРАМАНОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ