Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірге айналамыз

Қазан 16 / 2018

 

Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Қазақ- стандықтардың әл- ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, еліміздің экономикалық дамуына қатысты алдағы міндеттерді айқындап берді. Президенттің Жолдауында белгіленген алты негізгі басымдық еліміздің дамуының барлық салаларын қамтиды.

 

Бұл құжатта сыбайлас жемқорлықпен күрес секілді маңызды мәселеге де көңіл бөлінді. Қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызметшінің азаматтармен тікелей қарым-қатынасын әлі де азайту керектігі айтылды. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында Астана қаласының осы бағыттағы оң тәжірибесі бүкіл ел аумағында қолданылатын болды. Түркістан облысында да сыбайлас жемқорлықтан ада өңірге айналу жолында ауқымды істер атқарылып жатыр.

Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Себебі, мемлекеттік қызметкерлердің мұндай қылмыстық әрекетке баруы еліміздің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда билікке деген сенімсіздік тудырады. Еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне үлкен кедергі келтіретіні даусыз.

Қазіргі таңда мемлекет жемқорлыққа қарсы күресті барынша күшейтті. Соның бір көрінісі ретінде Қазақстан Республикасында бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай қағидаттарының бекітіліп, қазіргі таңда қолданылып жатқанын атап өтуге болады. Сондай-ақ, бірыңғай бюджет сыныптамасы, бюджет процесінің бірыңғай рәсімдері мен техникалық шешімдері пайдаланылуда. Мұның бәрі де сыбайластық фактілерінің орын алу қаупін едәуір төмендетеді.

Бүгінгі таңда облыста халық саны 2 000-нан асатын әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша 175 әкімшіліктің (оның ішінде 4 аудандық маңызы бар қала, 4 ауыл, 4 кент, 159 ауылдық округ) дербес бюджеттері бар. Бұл ретте жергілікті өзін- өзі басқару органдарына дербес бюджеттің берілуі жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді жоғарыға қарайламай дер кезінде шешуге жол ашады. Ол үшін ауыл округі әкімдіктеріне нақты қаржылай және материалдық ресурстар беріліп отыр. Осыған орай, қолданыстағы бюджеттік заңнамаға сәйкес, аталған әкімшіліктер тиісті жоспарлы кезеңге дербес бюджеттерін әзірлеп, жергілікті қоғамдық жиналысымен келісіп, аудандық (қалалық) мәслихаттарының қарауына және бекітуіне ұсынады. Мұның барлығы жергілікті халықтың өзекті мәселелерді шешуге белсене араласуына қолайлы жағдай туғызды.

Арман СӘБИТОВ, Түркістан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ