Экономика 0 пікір 0 лайк

Бизнесті жауапты жүргізудің сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық байланыс орталығы туралы ақпарат

Қазан 16 / 2018

 

2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) Инвестициялық комитетінің қауымдастырылған мүшесі болды және ЭЫДҰ көпұлтты кәсіпорындары туралы декларациясына 48-ші ел болып қосылды.

 

ЭЫДҰ Инвестициялық комитетіне қосылуы аясында Қазақстан Үкіметі өз алдына бірқатар міндеттемелерді алды, соның ішінде ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған басқару қағидаттарына (бұдан әрі – Басқару қағидаттары) сәйкес бизнесті жауапты жүргізудің қағидаттарын тарату бойынша Ұлттық байланыс орталығын құру (бұдан әрі – ҰБО).

Инвестициялардың арқасында компания/инвесторлар (бұдан әрі – кәсіпорындар) елдегі экономикаға өндірістік капитал, басқару және технологиялық ноу-хау, жұмыс орындарын құру және салық түсімдері түрінде елеулі пайда әкеледі.

Сонымен қатар, мұндай компаниялардың/инвесторлардың қызметіне байланысты қоғамдық мәселелер туындайды және бұл мәселелердің әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда халық пен қоғам үшін жағымсыз салдары бар.

Басқару қағидаттары елдегі және халықаралық құқыққа сәйкес бизнесті жауапты жүргізудің ерікті принциптері мен стандарттары бойынша ұсыныстар ұсыну арқылы осы мәселелерді шешуге көмектеседі.

Басқару қағидаттары көп жақты негізде бекітілген жан-жақты қамтылған тәртіптік кодекс болып табылады. Атап айтқанда, кәсіпорындар жұмыс істейтін қоғамдарда (оның ішінде ЭЫДҰ-дан тыс) әлеуметтік-экономикалық және экологиялық салдарға байланысты әлеуметтік мәселелер қарастырылады және жауапты бизнесті насихаттау үшін бизнестің маңызды құрылымын қамтамасыз етеді.

Басқару қағидаттарына үкіметтер тарапынан қолдау көрсетілуіне қарамастан, Басқару қағидаттары ерікті болып табылады және ұлттық заңдарға үстемдік етпейді. Басқару қағидаттары көпұлтты кәсіпорындар мен отандық кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастардағы айырмашылықтарды енгізуге арналмаған – олар кез келген жерде жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар үшін үздік тәжірибені көрсетеді.

Басқару қағидаттары ЭЫДҰ-ның Халықаралық инвестициялар және көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Басқару қағидаттарын тарату шеңберінде ҰБО құрылады.

Ұлттық байланыс орталығы – бұл Басқару қағидаттары бойынша жауапты бизнес жүргізу қағидаларын бұзатын кəсіпорындардың іс-əрекеттеріне немесе əрекетсіздіктеріне қатысты жұртшылықтың/қоғамның шағымдарын қараудың ерікті, санкциясыз механизмі.

ҰБО проблемаларды талқылау және өзара келісімге қол жеткізу жолдары мен келісімдерді қалыптастыру үшін тараптар арасында сындарлы диалог алаңын ұйымдастырады.

Кəсіпорын қызметі немесе әрекеті Басқару қағидаттарына сəйкес емес деп санайтын кез келген адам, ұйым немесе қауымдастық (мүдделі тараптар) тиісті елдің тиісті ҰБО-ға нақты істі қарауға ресми өтініш беруі мүмкін.

ЭЫДҰ алдындағы міндеттемелерді орындау шеңберінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының ҰБО (2018 жылғы 31 мамырдағы № 306 қаулысы) тағайындалды, бұған дейін осы қызметті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті жүзеге асырды.

Бұдан басқа ҰБО-ның шағымдары мен өтініштерін қарау кезінде ҰБО-ның алқалы көмекші органы ретінде ҰБО-ның жұмыс тобы құрылды (ИДМ-нің 2017 жылғы 12 қазандағы № 696 бұйрығы).

Жұмыс тобының құрамына Инвестициялар және даму министрліктерінің, халық шаруашылығының, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, энергетика, білім және ғылым, ішкі істер, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, үкіметтік емес ұйымдар және кәсіподақтар өкілдері кірді.

Жұмыс тобы жиналыстары қажеттілігі бойынша ұйымдастырылады.

ҰБО-ның қызмет аясы

ҰБО-ның жұмысы Басқару қағидаттарының тиімділігін арттыруға бағытталғанын ескере отырып, ҰБО-ның қызмет аясы осы құжатта қамтылған барлық салалар болып табылады. Басқару қағидаттарында анықталған негізгі мәселелер:

– ақпаратты ашу;

– адам құқықтары;

– еңбек және өндірістік қатынастар;

– парақорлықпен және бопсалаушылықпен күрес;

– қоршаған ортаны қорғау;

– тұтынушылардың мүдделері;

– ғылым мен техника;

– бәсеке;

– салық салу.

ҰБО-ның басты міндеттері

1. ҰБО мүдделі тараптармен ынтымақтастық арқылы Басқару қағидаттарын оларды жүзеге асыру тəсілдері туралы ақпараттылықты арттыру керек. ҰБО Басқару қағидаттарының барлық мүдделі тараптар үшін қол- жетімділігін қамтамасыз етуі керек және қажет болған жағдайда түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

2. ҰБО Басқару қағидаттарын қолдану кезінде туындайтын сұрақтарды мүдделі тараптарға (мемлекеттік органдар, іскерлік қоғамдар, кәсіподақ мемлекеттік емес ұйым және т.б.) көмектесу және пікірсайыс алаңын ұсыну арқылы шешуге қатысады. Мәселелерді қарау барысында ҰБО Басқару қағидаттарында ұсынылған басты ашықтық, қолжетімділік, айқындық және есеп берушілік критерийлеріне сәйкес әрекет етеді. ҰБО функциясы сот органдарының функцияларымен бірдей емес екенін атап өту керек, ол Басқару қағидаттарын бұзған компания мен зардап шеккен тарап арасындағы делдал ретінде әрекет етеді.

3. ҰБО жыл сайын ҰБО-ның қызметінің сипаты және орталықтың жұмысының нәтижелері туралы ақпарат, соның ішінде, нақты жағдайларда Басқару қағидаттарын қолдану жөнінде есеп береді.

ҰБО-ның Басқару қағидаттарын бұзу жағдайында шағымдарды қарастыруы

Басқару қағидаттарын қолдануға байланысты сұрақтар туындаған кезде, ҰБО мынадай әрекет етудің алгоритмін орындайды:

1. Шағым берген тарап ҰБО-ға барлық қажетті растаушы құжаттарды қоса беріп шағым жібереді;

2. ҰБО шағымды қабылдайды және шағым ҰБО құзыретіне сәйкес келетіндігін тексереді. Егер келіп түсетін мәселе ҰБО құзыретіне жатса, шағымды мұқият тексеру жұмысы басталады. Қажет болған жағдайда, ҰБО шағым берген тараптан қосымша ақпарат пен/немесе құжаттарды сұратады;

3. ҰБО шағымды жауапты тарапқа жібереді;

4. ҰБО тараптардың әрқайсысына консультациялық көмек көрсетеді;

5. ҰБО ұйымдасқан отырыстарда делдал болып табылады, келіссөз алаңын ұсынады;

6. ҰБО процедураларды аяқтағаннан кейін және тараптарға консультациялық көмек көрсеткеннен кейін, құпияланған коммерциялық және басқа да ақпаратты қорғау қажеттілігін ескере отырып, нәтижелерді ашық қолжетімділікте орналастырады.

Пайдалы сілтемелер:

https://www.oecd.org/

http://mneguіdelіnes.oecd.org/ncps/

Бизнесті жауапты жүргізу бойынша ұлттық байланыс орталығы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ