Садақ атушылар сайысқа түсті

Қазан 16 / 2018

 

Шымкент қаласындағы кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің ұйымдастыруымен садақ атудан дәстүрлі xалықаралық турнир өз мәресіне жетті. Кеңес Одағының Батыры Қарсыбай Сыпатаевты еске алуға арналған турнир биыл 43-ші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 150-ге жуық спортшы қатысты. Турнирдің ашылу салтанатына батырдың ұрпақтары, еліміздегі және облысымыздағы спорт саласының майталмандары қатысты.

 

Ерлер арасындағы бәсекеде 90 спортшы бақ сынаса, әйелдер арасындағы сында 50 спортшы өзара мықтыны анықтады. Айта кетерлік бір жайт, бұл турнир талай жас таланттардың жұлдызын жаққан. Халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген Луиза Сайдиева осы турнир арқылы танылып, жоғары дәрежеде өнер көрсетіп жүр.

Турнир қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Шымкент қаласының садақ атушылары І орынды жеңіп алды. Олардың еншісінде 6 алтын, 8 күміс, 7 қола медаль бар. Ал, 6 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленген Алматы облысының спортшылары ІІ орыннан көрінді. 3 алтын, 2 күміс медаль олжалаған Батыс Қазақстан облысының садақ атушылары үздік үштікті қорытындылады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ