Жаттығу кешенін салып берді

Қазан 16 / 2018

 

«Ақжол» партиясы Түркістан облысы филиалының төрағасы Әлімхан Әбжанов Шымкент қаласынан жаттығу кешенін ашты. Заманауи үлгіде салынған «World Class» жаттығу залы бір мезетте 250 адамға қызмет көрсете алады. Бұл жерде күніне 1000-ға жуық адамның жаттығуына мүмкіндік бар.

 

Мұнда халықаралық стандартқа сай бассейн, жаттығу залы, асхана, балаларға арналған зал бар. Жоғары дәрежедегі 23 жаттықтырушы келушілерге қызмет етеді. Олар – Мәскеу қаласында арнайы курстан өткен тәжірибелі мамандар. Спорт кешенінде сондай-ақ, бокс, таэквондо, күрес сынды спорт түрлерімен айналысуға болады.

Айта кетерлік бір жайт, жаттығу кешені электронды технологиялармен жабдықталған. Кешеннің есігінен кіру үшін арнайы браслет керек. Киім ауыстыру бөлмесіндегі шкафтар да электронды жүйемен жұмыс істейді. Бұл технологиялар Ресейден әкелінген. Арнайы дәрігер келуші азаматтарға қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетеді. Жаттығу залындағы техникалар италиялық «Technogym» компаниясынан алдырылған.

Ерболат АЙНАБЕКОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ