Экономика 0 пікір 2233 лайк

ТОП – 5 кредиттеудің ерекше мақсаттар топтамасы

Қазан 12 / 2018

Тұтынушылық кредит – жоспарыңызды шегермей, қалаған затыңызды дәл қазір алуға арналған тамаша құрал. Әдетте бұл кредит түрін тұрмыстық қажеттіліктерге, яғни баспана жөндеу, автокөлікті ауыстыру, демалыс, үлкен тойды өткізу сынды шараларға алады. Бірақ кейбір жағдайларда қарыз алушы ерекше ой-жоспарларын жүзеге асыру үшін қаражат сұрайды. Банк ВТБ (Қазақстан) 4 000 000 теңгеге дейін мөлшерде 5 жылға дейін мерзімге кепілсіз берілетін «ақшалай кредит» алу үшін жүгінген клиенттерінің ең қызықты өтінімдерін жинақтап, назарларыңызға ұсынады. Этика талаптарына сәйкес есімдері жарияланбайды.

 

1 орын – «Кішкентай енот»

Бірінші орынды банк менеджерлері өскемендік жұбайларға табыстады. Бұл жұп жалғыз қызына тірі енотты сатып алып, оған үйшік салып беру үшін кредит алды. Кейіпкерлеріміз жеке тұрғын үйде тұрады, сондықтан арнайы жылы вольер салып, ауласында нағыз ойын-сауық саябағын орнатуға мүмкіндіктері бар. Әрине, қыздың шексіз бақытты болуына еш күмәніміз жоқ!

2 орын – «Әсем өрнектер»

ВТБ банкіне жүгінген алматылық бикеш оған ақша денесінің 70 пайызына дейін татуировка салу үшін қажет екенін жасырмады. Бойжеткен ойын-сауық саласында жұмыс істейді екен және сәнді безендіру оған барынша танымал болып, табысының ұлғаюына себеп болады деп сенді. Кредитті уақытылы әрі бірде-бір кідіріссіз қайтарып бергеніне қарағанда, жоспары жүзеге асты.

3 орын – «Ұлдың әкесі атандыңыз!»

Шымкент қаласының тұрғыны жұбайы бесінші сәбиді дүниеге әкелгенде банк қызметкерлеріне хабарласты. 4 қыздан кейін дүниеге атқамінер келді деген хабарды естіген бойда бақытты әке жарын қуантпақ болып, оған гауһартасы бар әшекей сатып алып, үйдің ішін гүлмен безендіріп шықты.

4 орын – «Кім бәстесуден қорқады дейсіз?»

Астаналық жігіт достармен жарты жыл ішінде 50 килограмм артық салмақ тастаймын деп бәстесіпті. Ынталандыру себебі де мықты – жарты миллион теңге жүлдесі бар. Бірақ шын мәнінде ықпал еткен себеп денсаулық және сымбаттылық дейді батыл жігіт. Сондықтан ол дәл осы сомаға кредит алып, фитнес-клубқа абонемент және велосипед сатып алды. Мәселеге үлкен көңіл бөлген жігіт бәстесуден жеңімпаз болды! Ұтып алған ақшасын қолға алған соң ол бірден кредитін жауып тастады.

5 орын - «Ертегідей кездесу»

Қарағандылық жігіт сүйген қызы үшін оның  сүйікті сериалы «Тақтар ойыны» («Игра престолов») тәрізді фотосессия ұйымдастыру үшін кредит сұрады. Жігіттің айтуынша, ол сүйіктісін ертегі кейіпкері сияқты сезіну үшін ауқымды декорация жасатуға әрі ательеде ерекше киім үлгілерін тіктіруге қаражат алғысы келген. Бірақ романтик ақшаны ала алмады, кредит тарихынан белгілі болғандай, ол одан бұрын басқа банктерден кредит алып, оны қайтармаған.

Егер сіздің кредит тарихыңызда ақаулық болмаса, егер сіз тұрмыстық қажеттіліктер үшін немесе осындай елден ерекше мәселелерді шешу үшін қомақты қаржыны қажет етсеңіз, Банк ВТБ (Қазақстан) ұйымына 5050 нөмірі бойынша ұялы телефоннан хабарласуға немесе WhatsApp мессенджеріне (+7 771 777 5050) жазуға болады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ