Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

Салық амнистиясы шаруаға үлкен көмек

Қазан 11 / 2018

 

Күн санап емес, сағат санап жаңарған озық технологиялар әлемді оң өзгерістерге бастайды. Осыған   барлық жағынан дайын әрі бәсекеге қабілетті болуы үшін бүгіннен бастап орта және шағын бизнес өкілдері жауапкершіліктерін түсінгені жөн. Елбасы бұған дейінгі Жолдауларында да осы мәселені алға тартып келеді.  Ал, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы халықтың әл-ауқатын арттырып, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етері сөзсіз. Президент   Жолдауында шағын және орта бизнесті дамыту үшін бірнеше міндет жүктеді. Оны  тиімді әрі мерзімінде орындау үшін алдағы уақытта бірқатар нақты істерді қолға алу керектігіне баса мән берді.

 

Әсіресе, келесі жылдан бастап  Елбасының шағын және орта бизнес өкілдері үшін салық амнистиясын жариялауы бізді бұрынғыдан да жақсы жұмыс істеуге жігерлендіреді. Ал, бизнеске кедергі келтіргендерге салынатын айыппұл салмағы өзгелерді ойландыруы тиіс. Енді осыдан кейін Елбасы Жолдауын  халыққа түсіндіру және оның жүзеге асырылу барысына қоғамдық бақылау жүргізіп,  өзімізге жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруымыз керек. Бұл барша қазақстандықтардың жағдайын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік өзгерістердің кешенді бағдарламасы дер едім.

Ержан Қарабаев, Шардара ауданындағы «Сая» шаруа қожалығының төрағасы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ