Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

Бизнесті қолдауға 30 млрд. теңге бөлінбек

Қазан 11 / 2018

 

Елбасы биыл халыққа арнайтын Жолдауын ертерек жасады. Біз мұның хабарын естігенде асыға күткеніміз рас. Себебі, Елбасы Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа арнайтын Жолдауында ерекше жаңалықтармен, халықтың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің экономикалық әлеуетін көтеруге қатысты көптеген мәселелерді қозғайды. Біз сияқты жеке кәсіп иелеріне де үнемі қолдау көрсетіп, жағымды жаңалықтарымен қуантады.

 

Бұл жолғы дәстүрлі Жолдауды тікелей эфир арқылы тыңдап, Ұлт көшбасшысынң жариялаған маңызды құжаты арқылы біз тағы да кәсіпкерлер қауымы бірқатар қолдауларға ие болдық. 

Әсіресе, Елбасының салық саясатына қатысты айтқан сөзі бізді ерекше қанаттандырды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізілмек. Бұл туралы Президент: «Бизнес жұмысын таза парақтан бастауы үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан шағын және орта бизнес үшін салықтық амнистия жүргізуге кірісуді тапсырамын. Дегенмен, барлығы да тегіс болып отырған жоқ. Біріншіден, салықты әділ төлейтін бизнес бар. Ол ертең «ананікін сыздың, менікін неге сызбадың?» дейді.  Яғни ол мемлекетке негізгі салығын төлеген болса, онда өсімпұлдар мен айыппұлдар жайында  сөз болып отыр» деді. Иә, бизнесмендер арасында да осындай келеңсіздіктер болып тұрады. Сондықтан бұл игілікті істің бастамасы болары сөзсіз. 

Сондай-ақ,  Мемлекет басшысы бизнесті қолдау үшін жыл сайын кемінде  30 млрд. теңге бөлінетінін де айтты. Осы ретте Елбасы 2010 жылы «Жол картасы–2020» бағдарламасының іске қосылғанын да еске салды. «Өңірлерге сапарым барысында бұл бағдарламаның тиімділігіне көзім жетті. Бағдарламаның жүзеге асырылуын 2025 жылға

дейін созу қажет. Оны жүзеге асыру үшін жыл сайын қосымша кемінде 30 млрд. теңге қарастыру керек» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Міне, бизнес өкілдеріне жасаған қолдауын қуана қабылдап, кәсіпкерлер қауымын белсенді жұмыс істеуге шақырамын.

Нұржан Жамалбеков, «Сайрам сүт» ЖШС-нің директоры.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ