Ел ағасын құттықтады

Қазан 11 / 2018

 

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев облыстың құрметті азаматы Досыбай Шерімқұловты қабылдап, 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

 

– Сіз киелі оңтүстік өңірде өсіп-өніп, бойыңыздағы бар күш-жігеріңізді, салиқалы ой мен біліміңізді, саналы ғұмырыңызды мемлекетіміздің дамуына, өркендеуіне жұмсап келесіз. Кәсіби шеберлігіңіздің, еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық қасиеттеріңіздің арқасында құрмет пен абыройға ие болдыңыз. Еліміздің ынтымағын ұйыстырған Сіздердей ағаларымыз аман болсын, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Айта кетейік, Д.Шерімқұлов кеңестік кезеңде комсомол, партия органдарында басшылық қызмет атқарса, тәуелсіздік жылдары облыс әкімі аппараты мен түрлі салалық басқармаларда жемісті еңбек етті. Ал, кейінгі жылдары облыстық «Кәсіподақтар орталығы» бірлестігінде төрағалық етті. Досыбай Айтбайұлы қазір де қоғамдық-саяси өмірдің бел ортасынан табылып, жастарға ақыл-кеңестерін айтып жүр.

Д.Шерімқұлов еңбегі еленіп, «Құрмет», «Халықтар достығы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған және облыс пен ондағы бірқатар аудан, қалалардың құрметті азаматы атанған абыройлы азамат.

«Оңтүстік» - ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ