Мәңгілік Ел 0 пікір 0 лайк

Туған жерге тілек

Қазан 11 / 2018

 

Киелі де қасиетті Созақ өңірі – Ысқақ баб, Баба Түкті Шашты Әзіз, Қарабура, Саңғыл би секілді қасиетті тұлғалардың мәңгілік дамыл тапқан жері. Теріскей жұртының басынан небір қиын-қыстау замандар өткен. «Ақтабан шұбырынды...», «Созақ көтерілісі», «Қаратаудың басынан көш келеді» деген жыр тізбегі теріскей өлкесінің тұнған тарихынан сыр шертеді.

 

Бүгінгі Созақ ауданы өндірісі дамыған аграрлы ауданға айналды. Жастары өндіріске қажетті әртүрлі мамандықтарды игеріп, осы саланы дамытуда игілікті жұмыстар атқаруда. Созақ ауданының болашағы әлі алда. Сайын дала төсінде уранмен қатар, табиғи газ, мрамор, мұнай, тальк, тұз қорлары жеткілікті. Алдағы уақытта осы қазба байлықтардың толық игеріліп, теріскейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы одан әрі жақсара түсетініне сенімім кәміл.

Ауданның 90 жылдық мерекесінде өзім туып-өскен Созақ жұртына жемісті еңбек пен жеңісті жол тілеймін!

Созақбай ӘБДІҚҰЛОВ, Созақ ауданының құрметті  азаматы, ҚР атом саласының еңбек сіңірген қызметкері.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ