Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

Өңдеу өнеркәсібіне басымдық беріледі

Қазан 11 / 2018

 

Мемлекет басшысының әр жылдардағы Жолдауы елдің әлеуметтік тұрмысын жақсартуға бағытталып келеді. Елбасы кешегі Жолдауында агро- өнеркәсіптік кешеннің бар әлеуетін жүзеге асыру керектігіне тоқталды. Сондай-ақ, ондағы негізгі міндет – еңбек өнімділігін ұлғайтып, 2022 жылға қарай өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру керектігін жеткізді.

 

Елбасының тапсырмасына сай, алдағы 3 жылда өңдеу өнеркәсібі мен шикізаттық емес экспортты қолдауға қосымша 500 миллиард теңге бөлінетін болады. Осылайша экономикалық саясаттың басты бағыты – экспортқа шығу болса, енді шикізатты өңдеу саласына басымдық берілмек. Президент «Экспортқа бағытталған индустрияландыру экономикалық саясаттың орталық элементіне айналуы тиіс» дегенді баса айтты. Бұл – кәсіпкерлер үшін үлкен қамқорлық. Жолдауда айтылған өзге де мәселелер шағын және орта бизнесті дамыту бағытында жұмыс істеуге өте қолайлы әрі тиімділігімен ұнады. Өндіріспен айналысамын деушілерге мол мүмкіндіктер қарастырылып, кедергілерге тосқауыл қоятын іс-шаралар қабылдауды тапсырды. Енді тек Жолдауға қолдау білдіріп, білек сыбана іске кірісуіміз қажет.

Нұржан ӘШІРОВ, «Сапа–2002» шаруа қожалығының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ