Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

«Сарбаз» – патриоттық тәрбие көзі

Қазан 11 / 2018

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеттеріне арналған Жолдауында білім беру мекемелері жанынан «Сарбаз» әскери патриоттық тәрбие беретін орталықтар, курстар ашу жөніндегі тапсырмасын осы саланың маманы ретінде қызу қолдаймын. Бұл міндетті жүзеге асыру өз кезегінде жастарды отаншылдыққа, өз елі мен жерін қорғауға деген патриоттық рухта тәрбиеленуіне жасалған нақты қадамдардың бірі болары сөзсіз.

 

Бүгінгі таңда облыстық қорғаныс департаменті білім беру мекемелерімен, өңірдегі әскери горнизондармен бірлесе отырып патриоттық тәрбие беруде бірқатар игі шараларды жүзеге асыруда. Мектеп оқушыларының әскери дала жаттығуларының жоғары деңгейде өтуіне үлкен мән берілуде. Бұл өз кезегінде өскелең ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, елі мен жерінің шын қорғаны болуға деген міндетін айқындай түседі.

Талғат ӘЛІҚҰЛОВ, облыстық қорғаныс істері департаментінің басшысы, полковник.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ