Арнайы беттер 0 пікір 0 лайк

Жауапкершілік жүктейді

Қазан 11 / 2018

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында қоғамның барлық саласындағы түйткілді проблемалар мен көкейкесті мәселелерді қамтып, халықтың әл-ауқатын арттыру, оларға тиісті қамқорлық жасау қажеттігіне үнемі көңіл бөліп келеді. Ал, биылғы 5 қазандағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын теледидардан көріп, зейін қоя тыңдадым. 

 

Расында да Қазақстанның халықаралық аренадағы абырой-беделі артып келеді. Әлем халқы өркениетке ұмтылған озық ел ретінде тани бастады. Қазір 36-орындамыз.  Елбасы айтқандай, «біз жаңа биіктерге дайынбыз». Сондықтан жұмыла жұмыс істеп, еліміздің игілігі жолында еселі еңбек етуіміз керек. Сондай-ақ Елбасы денсаулық саласында жүзеге асыратын көптеген міндеттерді алға тартты. Бұл бізге зор жауапкершілік жүктейді.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі айлық жалақының  1,5 есеге көбейетіні туралы хабар қарапайым халықты қуанышқа бөледі. Мұндай мүмкіндікке елімізде 1 млн. 300 мың адам ие болғалы тұр. Әсіресе,  бюджеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы көбейеді. Бұл сөз жоқ қарапайым халықты еңбекке жұмылдырады.

Дәулет МҰСАЕВ, Төлеби аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ