Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2224 лайк

Мұғалімдерге баспана сертификаты берілді

Қазан 11 / 2018

 

Шымкент қаласының әкімі Елбасының тапсырмасына сәйкес, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жеңілдікпен несиелеуге арналған алғашқы сертификаттарды иелеріне табыс етті.

 

Өздерінің кәсіби мерекесіне орай қаланың 19 ұстазы осындай сыйлық алды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді жеңілдікпен несиелеу сертификаттарының мәні әкімдік бастапқы жарна сомасының жартысын субсидиялайды, яғни жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар банкке алғашқы жарнаның 10 пайызын ғана төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айында қала әкімдігі мен «Баспана» компаниясы арасында меморандумға қол қойылғаннан кейін шымкенттіктерде осындай мүмкіндік пайда болды. Мегаполис басшысы жас отбасылар, мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері үшін бастапқы жарна сомасының жартысын жергілікті бюджет субсидиялайтынын айтты. 

Қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін 394 миллион теңгені құрайтын 38 өтініш келіп түскен.

Ж.ШАЛАБАЕВА.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ