Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Сенат депутаты анықталды

Қазан 11 / 2018

 

Шымкент қалалық әкімдігінде кезектен тыс 39-сессия өтіп, онда халық қалаулылары өз әріптестерін, қалалық мәслихаттың бұрынғы хатшысы Нұрлан Бекназаровты ҚР Парламенті Сенаты сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Жаңа салада жемісті еңбек тіледі.

 

– Бұл – біздің қала үшін тарихи сәт, – деп атап өтті Шымкент қаласының әкімі  Ғабидолла  Әбдірахымов.  – Мемлекет басшысы Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру және Сенатқа сайлау өткізу туралы бірден екі маңызды Жарлыққа қол қойды. Және ол Жарлықтар орындалды. Алғаш рет саяси аренада Шымкент қаласының депутаттары дербес аумақтық бірлік ретінде таныстырылды.

Айта кетейік, Нұрлан Бекназаров Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы қызметін 13 жыл атқарды.

Ж.ШАЛАБАЕВА.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ