Экономика 0 пікір 2221 лайк

«Астана банкінің» акцияларын «Фридом Финанс» сатып алды

Қазан 11 / 2018

 

Назгүл НАЗАРБЕКОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Қазақстанның ірі брокерлік компаниясының бірі «Фридом Финанс» АҚ-ның негізін қалаушы әрі негізгі иесі Тимур Турловтың бақылауындағы компаниялар «Астана банкі» АҚ-ның акцияларын инвесторлардан  7 млрд. теңгеге сатып алды.  Банк акциялары еліміздегі бірқатар инвесторларға тиесілі болатын. Олардың қатарында 2017 жылдың маусым айында ІРО кезінде және қайталама нарықта бағалы қағаздар сатып алған «Фридом Финанс» АҚ клиенттері де бар еді. ІРО-ға бар болғаны 1 746 жеке тұлға қатысқан. Жеке тұлғадан келіп түскен бір өтінімнің орташа көлемі 4,2 млн. теңге болған.

 

Айта кетейік, 2018 жылғы 24 сәуірде «Фридом Финанс» АҚ «Астана банкі» акцияларының 6,02 %-ын құрайтын меншікті пакетін Қазақстанның ірі брокерлік компаниясының негізін қалаушы әрі негізгі иесі Тимур Турловқа жақын құрылымдарға сататыны туралы мәлімет берген болатын. Осыдан кейін Тимур Турлов «Фридом Финанс» клиенттерінің алдындағы жеке жауапкершілікті өз мойнына алып, олардан «Астана банкі» акцияларын сатып алу процесіне кірісті. Сонымен, жекелеген инвесторларды жауапкершіліктен босатып, олардың инвестицияларын өз қаражаты есебінен қорғауға кепілдік берді. Осылайша аталған ұйымдар компанияға өтініш білдірген «Фридом Финанс» АҚ-ның 839 клиентінен 3,2 млн. акция сатып алды.  Оның ішінде жоғарыда атап өткен  ІРО кезінде 2,8 млн. акция сатып алған 526 инвестор және қайталама нарықта банктің 397 мың акциясымен мәміле жасаған 313 инвестор да бар. Олардың жалпы сатып алу сомасы 4,3 млрд. теңгені құрады. Бұл шара әрбір жекелеген инвестормен қажетті келіссөздер жүргізілгеннен кейін, сондай-ақ бағалы қағаздарға иелік ету шарттарына байланысты клиенттерге акцияларды сатып алу нұсқаулары ұсынылып, келісілген соң жүзеге асырылды.

Қалған клиенттер өз қағаз көлемдерін биржадағы ашық саудада сатуға қою туралы шешім қабылдады. Ашық нарықтан сатып алынған қағаздардың көлемі 2,5 млн. дана, оның орташа бағасы 1 084 теңгені құрайды. Бұл туралы  «Фридом Финанс» ИК Бас директоры Тимур Турлов: «Банкте орын алған жағдайға байланысты біз өз клиенттерімізге берген уәдемізде тұрдық, сондай-ақ әрбір клиентімізге жеке қызмет көрсете отырып, қаражатты қайтаруда қолданатын  ыңғайлы және тиімді нұсқаны ұсындық» деп атап өтті.

Айта кетейік, «Фридом Финанс» АҚ өз клиенттеріне Қазақстан қор биржасында және шетелдік нарықтарда толық брокерлік қызмет көрсету спектрін ұсынады.  Атап айтқанда, бұл портфельді басқару, бағалы қағаздардың баға белгіленімін қолдау, борыштық және үлестік қаржыландыруды ұйымдастыру маркет-мейкер қызметтері, қаржы консалтингі саласындағы басқа да қызметтер.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ