Экономика 0 пікір 2215 лайк

Жетісайлық шаруалар 48 643 тонна өнім жинап үлгерді

Қазан 09 / 2018

 

Бүгінде Жетісай ауданында 48 643 тонна мақта жиналды. Оның 21831 тоннасы қол теріммен, 26832 тоннасы машинамен жиналған. Қазір ауданда 6 мақта зауыты мен 94 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеуде. Шаруалар 1 тонна мақтаны қабылдау бекеттеріне 180 мың теңгеден өткізіп жатыр. Сондай-ақ, мемлекет тарапынан 1 тонна «ақ алтынға» 12 мың теңге көлемінде субсидия төленуде.

 

«Ақ алтын» жинауда Атамекен ауыл округі көш бастап келеді. Қазір мұндағы шаруалар 7666 тонна мақта жинап үлгерген. Екінші орында 6507 тоннамен Қарақай ауыл округі келеді. Мақтаның өнімділігі жағынан қарақайлықтар оқ бойы озық тұр. Нақтырақ айтсақ, округ шаруалары мақтаның әр гектарынан 25 центнерден өнім алып жатыр.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ