Экономика 0 пікір 2214 лайк

Мақтаның бағасы 180 теңге болып бекітілді

Қазан 09 / 2018

 

Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Мақтаарал ауданына жасаған жұмыс сапарынан кейін мақтаның бағасы 180 теңге болып бекітілді. Министр мен облыс басшысы жергілікті зауыт басшыларымен және мақтаны экспорттаумен айналысатын трейдерлермен арнайы жиын өткізіп, жүргізілген нәтижелі жұмыстың арқасында «ақ алтынның» бағасы 10 теңгеге өсті.

 

Бұған дейін Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов пен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев та мақтаның бағасын көтеру мақсатында зауыт басшыларымен бірнеше рет жиналыс өткізген болатын. Еңбекқор мақташылардың талап-тілегін орындаудағы оңды қадамдар осылайша сәтті аяқталып отыр.

Айта кетейік, «ақ алтынның» әрбір тоннасына 12 мың теңгеден мемлекеттік субсидия қоса берілетін болады.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ