Рухани жаңғыру 0 пікір 2213 лайк

Батырларды дәріптеу – ұлттық рухымызды ояту

Қазан 09 / 2018

 

Күллі Түркі әлеміне аты мәшһүр, есімі тарихқа алтын әріптермен жазылған Алпамыс батырды кім білмейді дейсіз?! Қазақтың сайын даласындағы барша батырлардың бастауында, дәлірек айтсақ, құзар шыңында тұрған Байбөріұлы Алпамыстың жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте жолбарыстай жүректілігі, арыстандай айбаты кімді де болса таңғалдырмай қоймайтыны анық. Жақында облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газеті Алпамыс батырға арналған батыр туралы жырларды жатқа айтудан үлкен дода өткізді.

 

Батырларды дәріптеу – ұлттық рухымызды ояту. Олай болса, Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында өткізілген «Жақсылар, дастан айтайын...» атты жыр сайыстары – мектеп оқушыларының бойына елжандылықты, патриотизмді дарытып, туған жерімізді шексіз сүюге шақыратын шара. Облыс аумағын былай қойғанда, бұл шара ел руханиятының орталығы саналатын Алматы мен Отанымыздың жүрегі – Астана қалаларында да қызу қолдау тауып, түрлі іс-шаралармен жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан облысы да бұл игі шарадан шет қалмай, Орал облысының бір ауданында батырлар жырын жатқа айтудан байқау өткізген көрінеді. Осылайша оңтүстіктен бастау алған байқау бүкілхалықтық сипат алғандай.

Рас, ел ертеңінің қандай болмағы бүгінгі жастарға байланысты десек, өскелең ұрпақтың бойына елжандылықты, патриотизмді сіңіру мақсатында қолға алынған шараның қайтарымы да қарымды болмақ. Бұл бір жағынан жастарды өнерге баулып, бос уақытын тиімді өткізуіне де септігін тигізеді. Ендеше, осынау шараға атсалысып жүрген жекелеген азаматтарға, ұжым басшыларына, демеушілік жасап, қолдау білдірген қалталы кәсіпкерлерге ұлт руханияты жолында жасаған еңбектері жана берсін деген тілек айтамыз.

Жеңіс СЕРІКБАЙҰЛЫ, ҚР Білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері, ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ