Экономика 0 пікір 2204 лайк

Инвесторлардың қызығушылығы артуда

Қазан 09 / 2018

 

Шымкент қаласының дамуына инвестиция құюға қызығушылық танытып жатқан шетелдік кәсіпкерлер саны арта түсуде. Олар қаладан нақты бір жобаларды қаржыландыруды көздейді. Жуырда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Корея, Литва және Оңтүстік Африка елдерінің дипломатиялық өкілдіктері басшыларымен кездесті.

 

Кездесу барысында Ұлы Жібек жолы бойындағы шаһардың ірі көлік хабын қалыптастыру мүмкіндіктері талқыланды. Шымкенттің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, туризм, білім және денсаулық сақтау салаларындағы атқарылып жатқан жұмыстары таныстырылып, қонақтарға осы салаларды бірлесе отырып дамытуға қолайлы мүмкіндіктер ұсынылды.

Шетелдік инвесторлар үшін Шымкентте нақты жобалар табылатындығын тілге тиек еткен қала басшысы жаңа индустриялық аймақтар ашу жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында тараптар екіжақты өзара іс-қимылға және өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыруға белсенді қатысуға сенім білдірді.

Ж.ШАЛАБАЕВА.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ