Руханият 0 пікір 2203 лайк

«Шымкент цирк» көрермендерімен қауышты

Қазан 09 / 2018

 

«Шымкент циркі» жаңа маусымның ашылуын жариялады. Жуырда көрермендерімен қайта қауышқан өнер ұжымы қызықты қойылым мен шоу бағдарлама ұсынды. Онда цирк әртістері жаңа нөмірлерін көрсетсе, балалар ақылды арыстандар мен үйретілген күшіктердің, түрлі аң-құстардың өнерін тамашалады. Сондай-ақ, көңілді клоундар Ержан Таңатов пен Әбуғали Әбдіразақов көрерменнің қуанышын одан әрі еселей түсті. Көңілді кеш әрі қарай акробаттар мен гимнасттардың өнеріне ұласты. Әсіресе, «Батылдық шеңбері» атты өлім дөңгелегінде өнер көрсеткен цирк өнерпаздары көпшілікті тәнті етті.

 

Айта кетейік, осыған дейін «Оңтүстік цирк» болып аталып келген өнер ұжымына жақында «Шымкент цирк» атауы берілді. Естеріңізде болса, аталмыш өнер ордасы 2011 жылдың 17 желтоқсанында ашылған болатын. Содан бері цирктегі 200-ге тарта қызметкер, оның ішінде

44 әртіс Шымқала тұрғындарына, сондай-ақ, кішкентай бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді. Ұжымның осыған дейін жеткен жетістіктері де аз емес. Халықаралық «Шабыт», «Азия жаңғырығы» сынды байқауларда жүлделі орындарды иемденген. Қазіргі таңда цирк әртістерінің көпшілігі шетелдерде тәжірибе алмасып жүр.

«Шымкент циркінің» жаңа маусымдағы жоспарларының бірі – былтыр қолға алынған жылжымалы цирк өнерін республиканың өзге де қалаларында жалғастырып, жаңа жылдық қойылымдарын ерекше бағытта ұйымдастыру. Қазіргі уақытта оған қызу дайындық жүргізілуде.

Динара СӘРСЕНБАЕВА.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ